БІЛІМ

Астана әкімдігі 858 білім грантын бөлді: оған кімдер үміткер бола алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: istockphoto.com

Астана әкімдігі университеттерге 858 грант бөлді. Гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға бағытталған, - деп хабарлайды bugin.kz порталы. 

Әкімдік мәліметінше, бұл жоба кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін жасалған.

"Бұл жоба кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. 2024-2028 оқу жылдарына қала әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 858 білім беру грантын белгіледі", - делінген хабарламада.


Әкімдіктің білім гранттары еліміздің сегіз жоғары оқу орнына бөлінген:
-Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
-Астана халықаралық университеті;
-А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты;
-Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы;
-Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті;
-А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;
-Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық;
-Астана медицина университеті.

Білім грантының конкурсына еліміздің кез келген өңірінен үміткерлер қатыса алады. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.