Bugin
Фотоколлаж: bugin.kz
Әлеуметтік желіде боксшы Сәкен Бибосынов ұлттық құраманың бас бапкері болған Мырзағали Айтжановтың соңынан кететіні туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Сәкен Бибосынов бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді. Ол сөз жалған. Мен боксты қойған жоқпын», - деп жазды Сәкен Бибосынов.