Bugin
Фото: Zakon.kz
Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафиновқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Сотталушы делдал арқылы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу қызметтерінде мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 1 млн теңге мөлшерінде пара алған. Сол үшін шенеунік кінәлі деп танылып, оған үкім шықты.
«Сот үкімімен Әділет Мұстафинов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ 30 млн теңге мөлшерінде, пара беруші мен делдалға тиісінше 20 млн және 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада