ҚОҒАМ
Фото: Бауыржан Ғайсаның фейсбук парақшасынан
Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қызметінен кетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы әкімнің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Құрметті көкшетаулықтар! Мен Көкшетау қаласының әкімі қызметінен кеттім. Біз қалалық инфрақұрылымды жақсартуға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар бастамаларды іске асыра алдық деп ойлаймын. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 144 КТҮ тапсырылды, 170км астам жол жөнделді, 39 балалар мен 47 спорт алаңдары салынды. Биыл Халық қатысатын бюджет жобасын іске асыру аясында 19 алаңның құрылысы жүргізілуде. Мен осы қиын, бірақ қызықты жолда менімен бірге болғандардың барлығына алғыс айтқым келеді", делінген жазбада.