Bugin

Қазақстанда қандай таксилер жұмысын тоқтатады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Sputnik / Наталья Селиверстова

Көлік министрі Марат Қарабаев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда рулі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтататынын мәлімдеді,  деп хабарлайды bugin.kz порталы. 

Қарабаевтың айтуынша, «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді платформадан алып тастайды. 

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді алып тастайды. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісім бар. Рөлі оң жақтағы көліктерді сол жаққа ауыстырып алғандар да бар. Олар да азаматтардың өміріне қауіп төндіреді. Ондай көліктерді винкоды арқылы анықтауға болады. Интернет-провайдерлер ревизия жүргізіп, оларды да 1 қаңтардан бастап шығарады», - деді ол Үкімет отырысында өткен брифингте.