Bugin
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда қарыз немесе микронесие алу үшін жұбайының келісімін алу туралы жаңа ереже бекітілді. Норма 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды bugin.kz порталы.
2024 жылғы 20 тамыздан бастап халықтың борыштық жүктемесін болдырмауға бағытталған заңның кейбір нормалары күшіне енеді.
- қаржы ұйымдарына Клиентті биометриялық сәйкестендірусіз электрондық қарыздар мен онлайн микрокредиттер беруге тыйым салынады;
- банктер мен МҚҰ барлық қолданыстағы (өтелмеген) тұтынушылық кредиттер бойынша 90 күн өткеннен кейін сыйақы есептей алмайды;
- мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға сыйақы есептелмей, қызмет ету мерзіміне және демобилизациядан кейін 60 күнге автоматты режимде банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру берілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың шамадан тыс несиелендіруді төмендету және қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті. 2024 жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысы несие беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.