Bugin

Паралимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылар Парижге аттанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram.com/turizm_sport_ministrligi 

XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылардың алғашқы легі Парижге аттанды, - деп хабарлайды bugin.kz порталы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Бүгін волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының спортшылары Францияға жол тартты.

"Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Пара жүзу спортшылары арасында Лондон-2012 Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері Сиязбек Дәлиев пен Амир Мұратбеков бар", – делінген хабарламада.