Bugin

Путин Құранды сүйді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: mosregtoday.ru

Ресей президенті Владимир Путиннің Құран кітабын сүйген видеосы желіде қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды bugin.kz порталы. Бұл туралы Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Бұл жағдай Ресей басшысының Шешенстанға сапары кезінде болған. Путин Иса пайғамбар атындағы мешітке кіріп, өзіне сыйға тартылған құранды сүйген. 

Қадыровтың айтуынша, Владимир Путин Иса (ғ.с.) пайғамбардың атындағы жаңа мешітті аралап, Шешенстан Республикасының мүфтиі Салах-Хаджи Межиевпен кездесті. Владимир Владимирович мешіттің сыртқы келбетіне тәнті болды.

Міне, мен Владимир Путинге «Шешен Республикасының құрметті азаматы» атағын үлкен қуанышпен табыс еттім. Бұл –лайықты марапат. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының қолынан қолдан жасалған қасиетті Құран түріндегі бағалы сыйлық алу да ерекше болды, - деп жазды  Рамзан Қадыров.