ҚОҒАМ
Фото: rudenta-kids.ru
Павлодар облысында бір аптада екі сәби аналарының қателігінен көз жұмды, деп хабарлайды bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқыс оқиғалар туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері хабарлады.
"20 тамыз күні 28 күндік нәресте көз жұмды. Анасы түнде тамақтандыру кезінде ұйықтап қалып, кеудесімен басып қалған", – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова.
Ал екінші жағдай 14 тамыз күні болған.
“Нәресте екі ай жеті күндік болған. Шала туылғандықтан салмағы аз. Анасы емізіп жатып ұйықтап қалған. Таңертеңгі сағат 03:15-те әйел оянғанда нәрестені өлі күйінде болған", – дейді дәрігер.