ҚОҒАМ
Фото: mgorod.kz
Оралда мұғалім Надежда Никитинаның өліміне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды bugin.kz порталы "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Айыпталушы - 41 жастағы Темір Сәрсенов. Ол қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша күдікке ілінген: адам өлтіру, ұрлық және заңсыз қару сақтау.
Іс материалдарынан айыпталушы No9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинамен 2020 жылы танысқаны белгілі болды. Содан кейін ол мұғалімге сыныпқа компьютер орнатуға көмектескен. Осыдан кейін марқұм сабақта да, үйде де құрал-жабдықтағы ақауларды жою үшін оның көмегіне жүгініп жүрген.
24 сәуірінде Никитина тағы да Сәрсеновтан көмек сұрайды. Ол келіп, бірақ жұмысты аяқтамай, келесі күні келемін деп уәде беріп кетеді. Сәуірдің 25-і күні Сәрсенов ноутбукпен Никитинаға келіп, марқұмның жатын бөлмесіндегі компьютерді жөндей бастады. Ол кезде мұғалім ас үйде шәкіртімен бірге қосымша сабақ өткізіп отырған.
Сабақты аяқтаған соң Никитина студентті шығарып салып, Сәрсеновпен жанжалдасады. Сәрсенов әйелді диванға лақтырып жіберіп, үстіндегі жемпірінің жағасымен тұншықтырып өлтірген. Одан әрі ол марқұмның мойнына пышақ сұққан. Никитина механикалық асфексиядан көз жұмды.
Сотталушы мұнымен тоқтап қалмай, ізін жасыру үшін ұрлық жасауға бел буды. Айыпталушы әйелдің пәтерінен алтын бұйымдар, сөмке, әмиян, телефон және банк карталарын алып кеткен. Жалпы материалдық шығын 1,7 млн теңгені құрады.
Полиция Сәрсеновтің пәтерінен сақтауға рұқсаты жоқ бірнеше қару мен оларға арналған көп мөлшердегі оқ-дәрілерді тапты.