ҚОҒАМ
Фото: istockphoto
Синоптиктер 27-29 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 29 тамызда қатты жаңбыр жауады. Еліміздің батысында жауын-шашын жаумайды. Қазақстан бойынша желдің күшеюі мүмкін, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында дауыл мен бұршақ жауады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман болуы мүмкін.
"Сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз батыс аймақтарда 27-35 градусқа, солтүстік-батыс аймақтарда 20-30 градусқа, солтүстікте 17-25 градусқа, орталықта 18-28 градусқа, елдің шығысында негізгі температураның фоны 18-28 градусқа, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ауа температурасының 22-30 градусқа дейін жылынады" делінген хабарламада.