Bugin
Фотоколлаж: bugin.kz
Жамбылдық полицейлер көпірден секірген әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Тараз қалалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның көпірден секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері өмірден түңілген жанды сабырға шақыруға тырысқан. Секірген сәтте полиция қызметкері оны киімінен ұстап қалмақшы болады. Алайда қолынан суырылып шығып, суға құлап кеткен. Осы сәтте полиция лейтенанты Әлиайдар Рысмұхамбетов ағысы қатты өзенге ізінше секіріп түседі. Сақшыға төтенше жағдайлар қызметкері мен жақын маңдағы жергілікті тұрғын көмекке келіп үлгерді. Әйел аман-есен құтқарылып, жағаға шығарылды" делінген хабарламада.
Жапа шегушінің сөзінше, мұндай жағдайға отбасылық жанжал себеп болған.
Жедел жәрдем бригадасы әйелге қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.