ҚОҒАМ

Атырауда үш бірдей жасөспірім суға батып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Атырау қаласында үш жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында 3 баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 2008 жылы дүниеге келген ер балалардың белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға батып кеткені анықталған.

"Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды. Үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасады. Атырау облысы ТЖД 18 құтқарушы, 4 бірлік техника және 5 жүзу құралын жұмылдырды" делінген хабарламада.

Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керегін ескертеді.