ҚОҒАМ
Фотоколлаж: bugin.kz
Былтыр күзде жоғалып кеткен алматылық тұрғын тоғыз айдан кейін тірі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Куприянова Анна Александровна 1986 жылы туған. Ол 2023 жылдың 7 қарашасында жоғалып кеткен. Сағат 16.15 шамасында Қарасай ауданы, Ұмтыл ауданы, С/Т Приозерное, Озерная көшесі, 51 мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен. Осы уақытқа дейін іздеу жұмыстарынан нәтиже болмаған.
Әйел 26 тамыз күні тірі күйінде табылды.