Bugin

Ақтөбеде жол апатынан 4 адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бейнежазбадан алынған кадр

Самара-Шымкент тасжолының Әлия ауылы маңында жүк көлігі және жеңіл машина соқтығысып, оқиға орнында 4 адам көз жұмды деп хабарлайды bugin.kz порталы  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 
 

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

– Бүгін сағат 18:45 шамасында Самара-Шымкент тас жолының Қобда ауданы Әлия ауылы маңында Mersedes жүк көлігі мен Volkswagen Polo көлігі соқтығысты. Жеңіл көліктегі төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, – деді Қобда ауданы ПБ бастығының орынбасары Аслан Шотанов.