ҚОҒАМ
Фото: Видеодан алынған кадр
Ақтөбе қаласының маңында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жол апаты видеоға түсіп қалған. Кадрда автобус пен жүк көлігінің қирағанын көруге болады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі 93 күн бойы демалмай, жұмысын жалғастырған", - делінген Instagram әлеуметтік желісіндегі aktobe_zello парақшасында.
Полицейлер жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі мен жолаушының Ақтөбедегі медициналық мекемеге жеткізілгенін хабарлады.
Полиция департаменті барлық жүргізушілерді Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.