Bugin
Фото: gov.kz GOV.KZ
Ақтөбе облысында он жасар қыз көлікте жанып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Мой город" басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 27 тамызда Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Дон ауылында болған.
"Аулада тұрған ВАЗ автокөлігінің өздігінен жанып кеткен. Көрші үйдің бақылау камераларының жазбасына түсіп қалған. Автокөліктің салонында болған 10 жасар қыз көз жұмды. Оқиға кезінде ата-аналар үйде болған. Өрттің себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.
Баланың қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.