ҚОҒАМ

Қаржы пирамидасын басқарды деген күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген Батыршина Дана Анварқызына халықаралық іздеу жариялайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол 1976 жылғы 26 қыркүйекте дүниеге келген, Өзбекстан Ташкент қаласынын тумасы.

"Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін Thefiniko қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген. Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған" делінген ақпаратта.

Thefiniko компаниясы сауда және инвестиция платформасы емес және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

"Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7-701-218-05-23 - іздеу бойынша, +7-727-279-29-56 - кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимдікке кепіл беріледі" делінген хабарламада.