ҚОҒАМ

Көкшетауда 9 жастағы қыз суицид жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Bugin.kz

Көкшетауда 9 жастағы қыз асылып қалды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Nayzakokshe Instagram парақшасының мәліметінше, қызды бөлмеде асылып тұрған жерінен әкесі тапқан. Көпбалалы отбасында болған қайғылы жағдай туралы редакция Полиция департаментінен түсініктеме сұратты.

«Полиция департаменті бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады Ақмола ПД.

Пабликтегі ақпарат бойынша қыз үшінші сыныпта оқыған. Қазан айында ол 10 жасқа толуы керек еді. 

Айта кетерлігі, Қазақстанда жылына 4 мыңға жуық тұрғын өзіне қол салады. Оның ішінде жыл басынан бері 112 балалар суициді тіркелді.