ҚОҒАМ

Жамбыл облысында жеңіл көлік танкпен бетпе-бет соғысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Жамбыл облысында жеңіл көлік танкке жол бермей, соқтығысып қалған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

Қорғаныс министрлігінің оқиғаның "Мәтібұлақ" оқу-жаттығу полигонының аумағында болғанын мәлімдеді. 

28 тамызда гвардиялық гарнизонның "Мәтібұлақ" оқу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mercedes автокөлігі жол ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан. Әскери техниканың қозғалатын жері "танкке жол бер" белгісімен жабдықталған", – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Көлік жүргізушісі жеңіл жарақат алды. Ауруханаға жатудан бас тартты және ведомство мәлімдегендей, ешқандай шағым түсірмеген. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

ОҚИҒАНЫҢ ВИДЕОСЫН ОСЫ СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ!