Bugin

"Өзінше билік еткені үшін кінәлі": Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Khabar

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның жүргізушісі Мәди Батыршаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Сот Гүлмира Сатыбалдыға 12 жыл түрме жазасын кесті. 

Гүлмира Сатыбалды

- Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (заңсыз бас бостандығынан айыру, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған алдын ала сөз байласу) бойынша;
- 194-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы (зорлық-зомбылық қолдану қаупімен аса ірі мөлшерде бопсалау) бойынша;
 - Онымен бірге оның қол астында жұмыс істеген Мәди Батыршаев Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (заңсыз бас бостандығынан айыру, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған алдын ала сөз байласу) бойынша айыпталып отыр.

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. 2005 жылға дейін Қайрат Сатыбалдымен некеде тұрған. Гүлмира Сатыбалды бизнесті рейдерлік басып алды деген күдікпен ұсталған еді. Ол тергеу барысында елден қашуға да тырысқан. Бұл туралы прокурор хабарлаған.