БІЛІМ

Еліміздегі мектептерде жаңа сабақ пайда болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық мектептерде жеке қауіпсіздік сабақтары пайда болады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. 

Еліміздің барлық балабақшалары, мектептері және колледждерінде 1 қыркүйектен бастап балаларға қорғану негіздері бойынша оқыту сабақтары ұйымдастырылады. Осыған орай ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Жеке бас қауіпсіздігі» тақырыбында 130 сабақ әзірледі.

Мақсаты – балалардың бойында жеке қауіпсіздігі пен басқаларды қорғауға қатысты саналы және жауапты қарым-қатынас қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындау.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының айтуынша, балалардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескере отырып, сабақта балаларды ынталандыратын жайлы жағдай жасалады.

«Бұл сабақтарда балаларға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен дағдылар ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік пен құзыреттілік туралы түсіндіріледі. Балалардың жасы мен даму деңгейін ескере отырып, әр сабақтың пайдалы әрі қызықты өтуіне назар аударылуы тиіс. Себебі, біз балаларды қолдайтын және оларды жақсы істерге ынталандыратын орта құруға ұмтыламыз», - деп атап өтті Насымжан Оспанова.