ҚОҒАМ

Қыркүйек айында ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: glavred

Синоптиктер қыркүйек айына арналған консультативтік болжам жариялады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Қыркүйек айында республиканың басым бөлігінде ауа райы салқын және жауын-шашынды болады деп күтілуде, тек республиканың батысында қыркүйектің басында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Қыркүйекте республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын ай бойы жиі жауады, үзіліс 1-3 күнге созылады. Кей күндері республика бойынша қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ,екпінді жел күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында жиі тұман күтіледі.

Қыркүйектің бірінші онкүндігінде ауа температурасы:

республиканың батысында түнде +8+15°С, күндіз +23+30°С;

республиканың оңтүстік-батысында түнде +17+25°С, күндіз +28+35°С, тек кей күндері ауа температурасының шамалы төмендеуі байқалады;

Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде +3+10°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +22+27°С-қа дейін; Қостанай облысында түнде +2+7°С-тан, топырақ бетінде үсік болуы ықтимал, +8+13°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды деп күтілуде.

Қазақстанның солтүстік және орталықоблыстарында түнде +2+10°С дейін, топырақбетінде 2° үсік болуы мүмкін, күндіз +8+15°С дейінсуытады, онкүндіктің соңында ауа температурасы шамалы жоғарылауы мүмкін.

Республиканың шығысында ауа температурасы түнде +8+16°С-тан +2+7°С-қа дейін, онкүндіктің екінші жартысында үсік болуы мүмкін, күндіз +12+23°С-тан +17+25°С-қа дейінауытқиды;

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы +22+30°C-тан +17+23°C-қа дейін ауытқиды деп болжануда.

Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігіндереспубликаның солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде ауа температурасы +3+8°С, кей күндері үсік болуы ықтимал, күндіз ауа температурасы               +12+19°С-тан +21+26°-қа дейін ауытқиды;

Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында ауа температурасы түнде +7+15°С болады деп болжануда, топырақ бетінде үсік болуы мүмкін; күндіз +25+35°С-тан +15+23°C-қа дейін ауытқиды.

Үшінші онкүндікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбырдың соңы қарға айналуы мүмкін.

Бұл болжам консультативтік болып табылады, оны нақтылау үшін онкүндік және апталық болжамдар шығарылады.