ҚОҒАМ

"Қар жауады": Бүгін елде ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: factcheck.kg

3 қыркүйекте түнде елдің шығысында жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында кейбір уақыттарда қатты жаңбыр жауып, 3 қыркүйекте түнде елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман болып, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік болады" делінген хабарламада.

Сондай-ақ күндіз температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8+15°С дейін, оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.