Bugin

Павлодарда футбол бапкері он жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Larastock

Әлеуметтік желіде футбол бапкерінің 10 жасар қызға зорлық көрсеткені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны "кейбір жерлерден" сипауға мәжбүрлеген. Ол үшін ол қызды қонақүйге алып кетіп, кейін үй ауласына қайтарған.

Облыстық полиция департаментінде күдіктіні ұстау туралы ақпаратты растады.

"Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ведомствоның баспасөз орталығында.

Тергеу барысын облыстық ПД басшылығы қадағалап отыр.