Bugin

Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Халықаралық кинологиялық федерация қазақы тазыны иттердің ресми тізіміне қосу жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы Қазақстан президентінің іс басқармасы ресми сайтында хабарланды. 

Бұл шешім – қазақы тазы тұқымын халықаралық деңгейде толық тану яғни мойындау алдындағы негізгі әрі соңғы кезең.

FCI стандарттау жөніндегі комиссиясы мен FCI ғылыми комиссиясы ұзақ рәсімдерден кейін Бас комитетке осы тұқымды тіркеуді ұсынды. Келешекте сіздерді 10 жылға созылатын жұмыс күтіп тұр. Осы уақыт ішінде иттердің денсаулығына көптеген тест жасалып, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жүргізіледі. Бұл деректер FCI ғылыми комиссиясы үшін қажет. Иттердің денсаулығы мен жай-күйі қазір өте маңызды мәселелердің бірі. FCI Қазақстандағы тазы тұқымының жүйелі дамуын бақылап отырады, - деді FCI президенті Тамаш Яккель.