Bugin
Фото: depositphotos.com
Синоптиктер 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай байқалады: республиканың солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады; 7 қыркүйекте түнде елдің шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында антициклон жотасымен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіліп, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік байқалады.