Bugin

Алғашқы алтын. Давид Дегтярев Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Reuters

XVII жазғы Паралимпия ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Спортшымыз 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Күміс медальді 185 кг көтерген Куба өкілі Рамирез Барриентос Пабло жеңіп алса, қола жүлдені 179 кг нәтижесімен Қытай спортшысы Ян Джинлан иеленді.
Дегтярев Токиодағы паралимпиада ойындарында да алтын медаль жеңіп алған еді.