Bugin

Сарыөзекте әскери қызметші өзін атып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков 

Әскери қызметші қару-жарақ қолдану ережесін сақтамай, соның салдарынан оқ жарақатын алған. Бұл туралы Bugin.kz порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«2024 жылғы 2 қыркүйекте Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қару-жарақты қолдану ережесін бұзу салдарынан оң қолынан жарақат алды. Әскери қызметші Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді», — делінген ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ақпаратта айтылғандай, қазір әскери қызметшінің денсаулық жағдайы бірқалыпты. 

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — дейді құрлық әскерінен.