Bugin

ШҚО-да жоғалып кеткен екі отбасының жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Afisha.uz

ШҚО полицейлері демалыста жоғалған екі отбасыны дрон арқылы іздеп тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға жоғалған адамдардың жақындары жүгінген. Олардың айтуынша, 30 тамызда 37 жастағы өскемендік ер адам жұбайымен, 10 жасар қызы және достарымен бірге Қарағожы ауылына қарай демалуға барып, 1 қыркүйекте оралуды жоспарлаған. Алайда сол күннен бастап олардан еш хабар болмаған.

"Глубокое полиция бөлімінің жеке құрамы төрт ересек адам мен екі баланы іздеуге жұмылдырылды. ШҚО ПД аппаратының қызметкерлері мен құтқарушылар топқа бөлініп, аймақты бірге қарады. Сонымен қатар тәртіп сақшылары дронды пайдаланды. Дрон арқылы екі отбасының орналасқан жері белгілі болды" делінген хабарламада.

Олардың табиғи апаттың салдарынан бір орында қалып қойғаны туралы полицейлер құтқарушыларға хабарлаған.

"Біз демалуға келген едік. Алайда бір сәтте өзен деңгейі көтерілді. Үш күн бойы бұл өзеннен өте алмадық. Абырой болғанда, қазір бізде бәрі жақсы", - дейді отбасы мүшесі.

Ер адам іздеуге қатысқандардың барлығына алғыс білдірді.

ІІМ мәліметінше, ұйымдастырылған әрекеттер мен күш-жігердің арқасында ересектер мен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.