Bugin

Бүгін Паралимпиадада алтын үшін кімдер бақ сынайды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Bugin.kz

Бүгін Паралимпиада ойындарында екі спортшымыз алтын үшін бақ сынайды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

J2 санаты бойынша дзюдодан 48 келі салмақта сынға түскен қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарының финалына шықты. Жартылай финалда түркиялық қарсыласын иппон әдісімен жеңді. 

Финалдық белдесу бүгін сағат 19:00-де басталады.

100 метрге брасс әдісімен жүзуде SB11 санатында сынға түскен Әмір Мұратбеков Паралимпиаданың финалына шықты. Отандасымыз 1:21.66 уақыт нәтижесімен финалға жолдама алды.

Финалдық сайыс бүгін сағат 21:01-де өтеді.

Бүгін жарыс жолына шығатын паралимпиадашыларымыздан жүлде күтеміз. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!