Bugin

Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Даяна Федосова пара дзюдоның J2 санаты бойынша қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Пара дзюдошы 57 кг салмақ дәрежесінде түркиялық Дендю Ешилюртті жеңді. 

"Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпия ойындарының кезекті жарыс күнінде де ел қоржыны жүлделер түсіп жатыр. Пара дзюдодан әлем чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері Даяна Федосова бұл жолы да жанкүйерлерді жеңісімен қуантып, Паралимпиаданың қола медалін олжалады. Бұл – пара дзюдодан ұлттық құрама спортшыларының Парижде жеңіп алған екінші медалы. Кеше Ақмарал Науатбек Парижде Әнұранымызды шырқатып, ел мерейін өсірген еді. Даянаны Паралимпия ойындарының жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймын! Жерлесіміздің алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспін", - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.