ҚОҒАМ

"Абайсызда болған жағдай емес": Бетіне оқ тиіп көз жұмған сарбаздың әкесі мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: El.kz

Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде сарбазға оқ тиіп, қаза тапты. Көз жұмған сарбаздың әкесі оқиғаға қатысты бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сарбаздың әкесінің сөзінше, қайғылы жағдай лейтенант қарумен ойнап отырғанда болған.

"Жалғыз ұлымды әскерге аттандырып едім, енді мынандай қаралы хабар естіп отырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Абайсызда болған оқиға дейді, миға сыймайды. Қазір ол қамауда дейді", – дейді ер адам. 

Әкесі істің бұрмаланып кетуінен қорқатынын жеткізді.

"Барлығын толыққанды зерттесе деймін. Қазір Ақтау қалалық тергеу комитетіне барамын. Әрі қарай ұлымның мәйітіне сараптама жасалатын орынға баруым керек", – деп қосты ол.