Bugin
Фото: glavred
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, областың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.