Bugin
Фото: «УӘДЕ» бағдарламасы
ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы Асхат Аймағамбетов олимпиадада жеңіске жеткен спортшыларға ғана емес, білім бойынша халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткен балаларға да қолдау көрсету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы «УӘДЕ» бағдарламасында айтты.
«Спортшыларға тек мемлекет тарапынан ғана емес, қоғам, меценаттар және қалталы азаматтар тарапынан үлкен көмек көрсетіліп жатыр. Ал білім бойынша олимпиадаларды жеңіп алған балаларға қандай қолдау көрсетіліп жатыр? Оларға кім ат міңгізді? Кім ешкі берді? Кім қой атады немесе көлік сыйлады? Үй бермесе де, бір ат сыйлауға болар еді. Бұл балалар Қазақстанның болашағын өздерінің ақылымен жасайтын дарынды балалар. Мемлекет тарапынан Президенттің қолдауымен ақшалай сертификаттар, тегін гранттар берілуде. Біз қазір заңға бұл балаларды «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде бакалавриат бойынша оқыту мүмкіндігін енгізіп жатырмыз. Мұндай оқыту құны 200-300 мың долларды құрауы мүмкін.Мемлекет аз да болса, көп те болса, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Неге меценаттар осы балаларға бір ат міңгізбейді? Бұл — қоғамның құндылықтар жүйесіне қойылатын маңызды сұрақ», — деді Аймағамбетов.