Bugin

Қазақстандағы ең ықпалды әйелдер тізіміне кімдер енді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Bugin.kz

Forbes Woman Kazakhstan елдегі ең ықпалды 25 әйелдің тізімін жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жалпы тізімге 110 адам енді. Соның ішінде 42-сі іріктеліп алынған. Бұл туралы kursiv.media жазды.  

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қыздары Дариға Назарбаева мен Динара Құлыбаева Қазақстандағы ең ықпалды 25 әйелдің қатарына енген жоқ. 

«Бұл рейтингтің көш басында Үміт Шаяхметованың (Halyk bank басшысы) тұрғаны ешкімді таңғалдыра қоймас», – деп жазады Forbes Woman Kazakhstan журналының бас директоры Зульфия Хайбуллина.

Рейтинг те қаржы секторынан Шаяхметовадан бөлек, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова (2-орын), «Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова (5-орын), KASE Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі Алина Алдамберген (11-орын) және т.б бар.

Рейтингке іскер әйелдер де енген. Мәселен, Lancaster Holding тең құрылтайшысы, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнәр Досаева 18-орында тұр.

Бұл тізімде Үкімет құрамындағы әйелдер де бар. 4-орыннан қазір Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарып отырған Аида Балаеваны байқауға болады.

Дариға Назарбаева мен Динара Құлыбаева ықпалды әйелдер рейтингінде жоқ. Екеуі де еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, екеуі де Қазақстанның ең ауқатты адамдарының рейтингіне енген.