МӘДЕНИЕТ

Көкпардан ұлттық құрама АҚШ командасын жеңді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ-ты 12-4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия  және Түркия.

Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.