Bugin

«Назарбаев емес, Айтұлы болуы тиіс»: Белгілі айтыскер Әнұранның қосалқы авторы кім екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Bugin.kz

Белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолла өзінің Facebook-парақшасында Әнұранның қосалқы авторы Нұрсұлтан Назарбаев емес, ақын Несіпбек Айтұлы екенін жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Осы тақырыппен жариялаған жазбасында айтыскер Айтұлы көзі тірісінде бұл туралы өзі айтқанын, айналасындағы адамдар да білетінін жеткізді.

Егер Әнұранның қазіргі мәтініне міндетті түрде қосалқы автор аталуы керек болса, ол Несіпбек Айтұлы болуы тиіс. Өйткені бұрынғы сөзіне аз-маз өзгеріс енгізіп, бүгінгі кезеңге лайықтаған Назарбаев емес Несағаң еді. Оны көзі тірісінде өзі талай айтқан, айналасы да біледі!!

P.S Көшпенділер ойынын эфирден көріп отырып есіме түсіп кетті… – деді Бауыржан Халиолла.

Осылай деген ол Жұмекен Нәжімединов 1956 жылы жазған алғашқы және қазіргі нұсқасын жариялады (Жамал апай да осы сөзбен орындаған): 

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Думанды бастады,

Далама қарашы.

Кең екен Жер деген,

Жерге гүл шықты ғой,

Дән егіп терлеген

Қазағым мықты ғой.

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім.

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Айнала қарасам,

Асықты жүрегім.

Заманға жарасам,

Жарасып тұр елім.

Біздің ел Орденді

Көтерді туларын,

Желмен ол тербелді,

Тербеле жырладым.

Қайырмасы:

Сағымды далам бар,

Сабырлы көлім бар.

Қараңдар, жараңдар

Осындай елім бар.

Қарсы алған уақытты

Ежелгі досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

ҚАЗІРГІ НҰСҚАСЫ:

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!