ҚОҒАМ
Фото: dzen.ru
Астанада мектеп маңынан оқушы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Желідегі ақпаратқа сәйкес, оқиға 10 қыркүйекте болған. Жергілікті тұрғындардың бірі - адам мәйіті мектептен 50 қадам жерде табылғанын жазды.
Жазба авторының сөзінше, қаза тапқан - 2010 жылғы қыз болуы мүмкін.
"2024 жылдың 10 қыркүйегінде қыз баланың мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті. Оның бойынан ұрып-соғудың белгілері табылған жоқ. Бірақ, оның өлімі неден болғаны анықталып жатыр. Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция департаменті.