ҚОҒАМ
Фото: Azh.kz
Жайық өзенінің деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Ақжайық" сайтына сілтеме жасап.
Бұл Челябі, Орынбор облыстары мен Башқұртстанды қамтыған нөсер жаңбырға байланысты болып отыр.
Ресейлік су қызметкерлері Ириклинск су қоймасынан секундына 345 текше метр су жіберуге рұқсат берді. Бұл өткен жаздағыдан 23 есе көп. Атырау облысының Қазгидромет бөлімшесі бұл ақпаратты растады.
Ал, жетекші инженер-гидролог Ақмарал МИЗАМҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, бүгінде Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі төмендей бастаған. Су Атырауға келіп, облысымыздағы өзен деңгейінің көтерілуіне себеп болды.