Bugin
Фото: bugin.kz
Мемлекет басшысының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдаулары қоғам өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, жақсартуға бағытталған. Жақында ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялады. Ел экономикасының өркендеуіне арналған тың бастамалар көтерілген жолдау қазақстандықтарға жаңаша серпін әкелді.
Ел келешегі жастармен жарқын екенін үнемі басты назарда ұстайтын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолғы жолдауында білім алушылардың білім алуына қолайлы жағдай жасау қажеттігін және білім сапасын жақсартуды алдыңғы орынға қойды. Сондықтан да білім саласына қатысты өзекті мәселелер мұнда да өз маңызын жойған жоқ. Ел игілігіне бағытталған жолдауда ізденушілердің сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды қарастыру мәселесі де қаралды. Осы тұста ауыз толтырып айтқанды жөн көріп отырмын. 2022 жылы Ыстамбұл университетінде және Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылған болатын. Биылғы оқу жылы да жағымды жаңалықтармен басталды. Университетіміздің үшінші филиалы Ресейдің Омбы қаласында ашылады.
Жолдауда көтерілген түрлі өзекті мәселелер, қолға алынатын жобалардың барлығы еліміздің игілігі үшін жасалып отыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультеті «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының аға оқытушысы ретінде қазақ ұлтының білім саласын, мамандыққа деген махаббатты, «Қазақ» деген ұлттың арманын, ұятын, намысын, құндылығын насихаттау – келелі іс. Оны сезіну мен түсінуді қағидаң ет!
Назкен Жансерікқызы,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
«Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер»
кафедрасының аға оқытушысы