Bugin

"Жаңбыр. Қар": Алдағы үш күнде ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: www.news29.ru

 12-14 қыркүйекте елде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Кең антициклон республиканың көп бөлігінде сақталып, негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етсе де, оны солтүстік суық ағындары толтыра бастайды. Осыған байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі", делінген Қазгидромет хабарламасында.

Тек елдің шығысында және оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөлімдері әсерінен жаңбыр жауып, түнгі уақытта ол қарға айналуы мүмкін.