МӘДЕНИЕТ
Фото: Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі
ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері, театрымыздың артисі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған артист Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» – Жанар , «Қызыл сұңқарлар»-Маруар , Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» – Қамқа шеше, Ш.Айтматов «Ыстықкөл трагедиясы» – Кемпір, «Ақ кеме» – Кемпір, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Ғани, Ә.Тарази «Жақсы кісі»-Балзия, О.Бөкей «Атау-Кере» – Марфа, «Ауылдан келген ару» – Сәндігүл, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Әже, А.П.Чехов «Шағала» – Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған.
"Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
Жаназасы 13.09.24. сағат 10:00-де Розыбакиев көшесі, 70-ші үй, 26-шы пәтер.
Қонақасы 13.09.24 сағат 13:00-де Ару-Ана мейрамханасы, Төле би көшесі, 191" делінген театр хабарламасында.