САЯСАТ
Фото: BAQ.KZ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.