Bugin

Қазақстандықтар енді өз-өзіне кредит алуға тыйым сала алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov4c.kz

Енді қазақстандықтар eGov mobile мобильдік қосымшасында және eGov.kz порталындашектеусіз мерзімге банктік несие мен шағын несие алудан өз еркімен бас тарта алады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Бұл туралы 16 қыркүйекте "ҰАТ" АҚ хабарлады. 

"Қызметті пайдалану үшін азаматтың өзі ғана өтініш бере алады. Несиелер мен шағын несиелер беруге тыйым салу белгісіз мерзімге белгіленген. Сондай-ақ пайдаланушы кез келген уақытта несие және қарыз алу бойынша белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін сіз eGov.kz порталында қызметті мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш жіберіңіз", — деп хабарлады ұйым.