Bugin

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қостанай облысында жол апаты болып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

16 қыркүйек күні кешке "Торғай-Арқалық" автожолының 17 шақырымында Жангелдин ауданына қарасты Торғай ауылының маңында Lexus және ГАЗель автокөліктері соқтығысты. Екі көлік те Арқалық қаласына қарай жүріп бара жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Lexus жүргізушісі басып озу кезінде рөлге ие бола алмай, екінші көлікпен соқтығысқан Оқиға салдарынан  Lexus көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы, оның ішінде екі бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сол көліктен тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. 

Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережесін  ескеруге, атап айтқанда жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін сақтауға шақырады.