Bugin
Фото: rustv.net
Жамбыл облысында ер адам анасын өлтірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдікті — жәбірленушінің 36 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде», — делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.