ҚОҒАМ

Ең кішісі 2 жаста: Жамбыл облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған кадр

Жамбыл облысы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" трассасының 526-шы шақырымында үш көлік соқтығысып, апаттан жеті адам қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

"Cadillac Escalade" маркалы көлігінің жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығуы салдарынан сол бағытта келе жатқан "DAF" маркалы жүк көлігімен соқтығысуға жол берді. Нәтижесінде "Cadillac Escalade" көлігі өз жолағына түсіп, "Газель" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін екі көлік те бірден өртеніп кеткен",- деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі. 

"Газель" көлігін жүргізіп келе жатқан 37 жастағы жүргізуші,  "Cadillac Escalade" көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен осы көліктің ішіндегі бес жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Оның ішінде 2 жасар бала бар.