Bugin

Халықтан Ербаян Мұхтардың еміне жиналған ақша 230 млн теңгеге жеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Bugin.kz

Қазақстандықтар бас-ми жарақатын алып, ауыр халде жатқан ұлттық ұланның сарбазы Ербаян Мұхтардың емі үшін 230 млн теңге жинап берген. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан баспасөз мәслихатында отбасының қорғаушысы Инга Иманбай мәлім етті, деп хабарлайды bugin.kz порталы  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Инга Иманбайдың айтуынша, Ербаянның ата-анасы оны емдететін клиниканы таңдап қойған. Бірақ Ербаянның шет елге қалай ұшып баратыны әлі шешілмеген.

Осы уақытқа дейін халық 230 млн теңге жинап қойды. Ол сумма алғашқы үш айдың еміне жетеді. Біз министрге (денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова – ред.) осы ақшаны жинап берген халыққа рақмет дегенді айттық. Ербаянның ата-анасы оны осы қаражатқа емдетеді. Бірақ, оның ауруынан толық айығып, жазылып кетуі үшін қанша уақыт керек екенін және ол үшін қанша қаражат керек екенін ешкім білмейді. Министрмен байланыстамыз, - деді Инга Иманбай.