Bugin

"Кентау-Сервис" жылу энергия орталығы толық күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кентау қаласындағы жылу электр орталықтарына жаппай күрделі жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Кентау қаласына іссапармен барып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан №5 жылу электр орталығының жұмыс барысын бақылады.

Бүгінде №7,8,9,10,11,12 қазандықтарында қайта құру жұмыстары жүргізіліп, №7 және 12 қазандықтары қараша айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Ал №8 және 11 қазандықтың монтаждау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, №9 және 10 жылу казандықтары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Аралау барысында Зұлпыхар Жолдасов, жауапты мамандарға құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытында орындалуы керектігін ескертіп, бұл мәселе жеке бақылауында болатынын жеткізді.